Үлкен Юбенк: «Менің ұлым Головкинді жоқ қылады»

Ұлыбританиялық танымал боксшы Крис Юбенктің пікірінше, оның ұлы кіші Крис Юбенк Геннадий Головкинді жеңе алады.

«Головкин жақсы боксшы. Бірақ менің ұлым оны жоқ қылады», - деді үлкен Юбенк. Ол ұлының жылдам екенін алға тартты. «Головкин тым баяу. Бұл оның әлсіз тұсы», - деді үлкен Юбенк.

Үлкен Крис Юбенк - екінші орта салмақта, жартылай ауыр салмақта және бірінші орта салмақта сынға түскен ұлыбританиялық боксшы. 1990-1991 жылдары WBO тұжырымы бойынша орта салмақта және 1991-1995 жылдары WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы болды. Оның ұлы кіші Юбенк WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие. Ол 20 кездесу өткізді, оның 19-ында жеңіске жетіп, бір рет жеңілді.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или