«Әл-Наср» Патша кубогының жартылай финалына шықты. Роналду 2023 жылдағы 50-голын соқты

«Әл-Наср» Патша кубогының жартылай финалына шықты. Роналду 2023 жылдағы 50-голын соқты

Сауд Арабиясы Патша кубогының ширек финалында «Әл-Наср» «Әл-Шабабтан» (5:2) басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

15-минутта «Әл-Шабаб» ойыншысы Янник Карраско пенальтиден гол соға алмады. Бірнеше минуттан соң Секо Фофана есеп ашты. 24-минутта Карлос Жуниор есепті теңестірген, көп ұзамай Садио Мане «Әл-Насрды» алға шығарды, ал үзіліс алдында Абдулрахман Гариб гол соқты.

74-минутта Криштиану Роналду қанжығасын майлады. Бұл оның 2023 жылдағы 50-голы болды. Ойын соңына қарай «Әл-Шабаб» Хаттан Бахебридің көмегімен есеп айырмасын қысқартқан, бірақ ойын нүктесін Мохаммед Маран қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или