Өзге елдің ұлтандары немесе жырақта жүрген жерлестер

Өзге елдің ұлтандары немесе жырақта жүрген жерлестер

Спорт әлемінде әлсіздер жүлдеден шет қалады. Мықтылар да бәсекелестікке шыдас бере алмай жатады кейде. Әшейінде, басқа елдің спортшысына азаматтығымызды беріп, көк туымыздың астында әлемдік додаларға шығарып жатамыз. «Қазақ бокс пен күресте ғана мықты» дейміз. Сол қос спорттан өз елімізде тәрбиеленіп, кейін әлемнің анау бұрышындағы Бразилия, Финляндия сияқты елдерге ат басын бұрған палуандарымыз бен боксшыларымыз бар. «PROСПОРТ» тілшісі Қазақстанда туған, алайда қазіргі таңда жат ел қарамағында бағын сынап жүрген спортшылардың тізімін жасап көрмек.

Күрес

Бұл спорт түрінен қазақстандық спортшылар КСРО заманынан бері мықтылығын дәлелдеп келеді. Қазірде күресте бәсекелестік өте жоғары. Соған дәлел мына жайт: үш бірдей палуанымыз басқа елдің намысын қорғап жүр. Олар: Ербол Қалабаев, Марат Гарипов, Елмұрат Тасмұрадов.

Ербол Қалабаев Ақтөбенің тумасы. Грек-рим күресінен 2007 және 2008 жылдары жастар арасында Қазақстан чемпионы атанған. Бір жылдан кейін ересектер арасында Қазақстан біріншілігінде финалға дейін жетіп, күміс алқа тағынды. 2010 жылы Ұлттық құрамаға қабылданған болатын, алайда ұзақ уақыт өтпей оның орнын Алмат Кебіспаев пен Ербол Қоңыратов алды. Ұлттық құрамаға қажет болмай қалған Қалабаевты Беларусь құрамасының бапкері, Сеул Олимпиадасының чемпионы Камандар Маджидов шақырған. Ербол ойлана келе, келісімін берген. Қазірде ол Беларусь елінің намысын қорғап жүр.

Латын Америкасында футболмен өмір сүретін елдің бірі – Бразилия. Сол себепті шығар, Пеленің отанында күрес басқа спорт түрлеріне қарғанда нашарлау дамып келеді. Алайда бұл Тараз қаласының тумасы Марат Гариповқа тосқауыл бола алмады. Марат бір-екі жыл бұрын сол елге қоныс аударып, сүйікті спортымен айналысуды жалғастырған. Мүмкін, 2016 жылы Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиадада қандасымызды көріп қалармыз.

Шымкент күрес мектебінің түлегі - Елмұрат Тасмұрадов қазір көршілес Өзбекстан елін әлемдік додаларында танымал етіп жүр. Қазақстан құрамасына іліге алмаған спортшының айтуынша, ол 2010 жылы Өзбекстан азаматтығын алған. Өзбекстан елінің чемпионы атанып, Ұлттық құрамаға шақырту алған көрінеді. Содан кейін, Елмұрат талай байрақты додаларда топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүрді. 2013 жылғы Әлем чемпионатының финалында қазақстандық Алмат Кебіспаевты жеңіп, алтыннан алқа тағынған болатын. 2014 жылы Астана төрінде өткен Азия чемпионатында топ жарды.

Бокс

Кентау қаласында туып өскен Асқар Сәрсенбаев қазір бокстан Финляндия құрамасын жаттықтырады. 19 жасында осы шалғай мемлекетке қоныс аударып, сол елдің атынан әлемдік жарыстарға қатысқан. Кейінірек, жасөсіпірімдер құрамасы жаттықтырды. Сосын, ерлер мен әйелдер құрамасын да баптаған екен.

Семсерлесу

Сергей Ходос Өскемен қаласында өмірге келген. Кішкентей кезінен семсерлесу өнеріне қызығып қатыса бастаған. Өсе келе, Қазақстан құрамасына шақырту алады. Тіпті, құрамадағы үздік спортшыға айналып үлгерді. Алайда 2010 жылы шешімін күрт өзгертіп, Ресей еліне көшіп кетті. Сол жылдан бастап солтүстіктегі көршіміздің Ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.

Самбо

Юлия Коноплинаның оқиғасы өзгерек. Ақтау қаласының тұрғыны АҚШ-қа оқуға кетеді. Сол жерде самбомен айналыса бастайды. АҚШ ашық біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы атанып, Панамерикалық ойындарда топ жарады. Уақыт өте Юлияға ММА UFC лигасына шақырту түседі. Спортшыға Қазақстаннан бөлек АҚШ құрамасы да қызығушылық танытты. Алайда спортшы қыз қос құраманың да ұсыныс қабылдаған жоқ.

Ережесіз жекпе-жек

ММА этникалық лигасында  қазақ Жұмабек Тұрсын өнер көрсетеді. Қытай елінде туған Жұмабектің бойында қазақтың қаны. Алайда ММА UFC лигасында аспанасты елінің атынан төбелеседі. Жұмабек Тұрсын 17 жекпе-жекке шығып, соның 14-де жеңіске жеткен.

Дайындаған: Айбар Рысдәулет

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или