Қазақстандық боксшы WBA топ-10 рейтингіндегі ресейлік спортшымен кездеседі

Қазақстандық боксшы WBA топ-10 рейтингіндегі ресейлік спортшымен кездеседі

15 желтоқсанда Астанада өтетін «IBA чемпиондар түні» атты турнирде ресейлік боксшы Харитон Агрба 67 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Дулат Бекбауовпен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ-ға» сілтеме жасап.

2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері Агрба WBA жартылай орта салмақ рейтингінде оныншы орында тұр және кәсіпқой рингте 12 жеңісі бар. 28 жастағы боксшының кейінгі жекпе-жегі қыркүйекте Екатеринбургте өтіп, спортшы панамалық Александр Дюранды мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бекбауов кәсіпқой рингте ресми жекпе-жек өткізген жоқ, ол 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Сондай-ақ, осы турнирде 15 желтоқсанда Астанада ресейлік Никита Зон (7-0-1, КО 5) 80 келіге дейін салмақ дәрежесінде 2019 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовпен (6-0, КО 2) кездеседі.

Нұрдәулетов 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқанымен, 1/8 финалда ресейлік Имам Хатаевтан жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или