Астанада халықаралық бокс кеші өтеді

Астанада халықаралық бокс кеші өтеді

Халықаралық бокс федерациясы Астанада бокс кешін өткізеді.

Кеште 8 бірдей жекпе-жек болады және оның аясында ұлттық құраманың үздіктері өнер көрсетеді. Мәселен, 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, 57 келіде тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаршы алаңға шығады. Орта салмқатарда Ертуған Зейнуллинов, Дулат Бекбауов және ұлттық команда капитаны Асланбек Шымбергеновтар бағын сынайды.

Ауыр салмқатарда Бекзат Нұрдәулетов пен Нұрбек Оралбай жұдырықтасады. Қарсыластары да мықты. Құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарып жүрген боксшылар таңдалған.  Жоғарыдағы тізімге кәсіпқой бокстағы Данияр Елеусінов та қосылған. Бірақ, әзірге оның қарсыласы белгісіз. Жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа созылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или