Танымал қазақ боксшысы қайтыс болды

Танымал қазақ боксшысы қайтыс болды

Танымал бұрынғы боксшы Есболат Нұрманов 53 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей әлеуметтік желіде жазды.

«Елдегі алғашқы кәсіпқой боксшы. 17 жасында КСРО құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал жерінің тумасы. Ленин атындағы ҚазПТУ-да бірге, бір топта оқыдық. Кейін кеден саласында жұмыс істеді», - деп қосты Жәкей.

Есболат Нұрманов Алматы облысында, Талғарда жерленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или