«Елімайдың» жаттықтырушылар штабында өзгеріс болды

«Елімайдың» жаттықтырушылар штабында өзгеріс болды

Семейдің «Елімай» командасы жаттықтырушылар құрамы толықтырылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

56 жастағы қазақстандық маман Борис Глушков семейлік команданың жаңа дене шынықтыру жаттықтырушысы болды.

Глушков 1994 жылы «Елімаймен» бірге ел чемпионы атанды.

56 жастағы маман бұған дейін «Астана», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Каспий», «Қызыл-Жар», және «Елімай», «Алтай» командаларында жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін команданы Андрей Карпович басқарса, Денис Колодин оның көмекшісі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или