Қазақстанға Куба боксшылары келді

Қазақстанға Куба боксшылары келді

Қазақстанға бокстан Кубаның ұлттық құрамасы келді, деп хабарлайды бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бокстан ұлттық құрама мүшелері Куба боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бүгіннен басталатын бірлескен жаттығу өрісі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. 

17 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын көтереді. Кубадан келген 9 боксшы да осы додаға қатыспақ.  Құраманың бас бапкері  Карлос  Мануэль Перес Рейес Қазақстанға шақырған бокс федерациясының басшылығына алғысын білдіріп, екі ел боксшыларының арасында берік қатынас орнағанын айтты.     

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или