Руслан Әбдіразақов түйе палуан сайысында қарсылас шақ келтірмеді

Руслан Әбдіразақов түйе палуан сайысында қарсылас шақ келтірмеді

Қызылордада ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер Сартай Мыхановты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнир аяқталды.

Дүбірлі бәсекеге еліміздің 7 облысынан және Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 31 палуан қатысты. Нәтижесінде қызылордалық Руслан Әбдіразақов чемпион атанып, Nissan patrol жеңіл автокөлігін иеленді. 2-орынды қарағандылық Ержан Шынкеев алса, 3-орынды Алматы қаласының палуаны Арслан Абдамит еншіледі, ал  4-орын Өзбекстан палуаны Мухсин Хисамиддиновке бұйырды. Сондай-ақ, көрермендер көзайымы номинациясын Грузия елінің палуаны Левани Матеа Швили иеленіп, 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или