Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде топ-5 қатарынан шығып қалды

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде топ-5 қатарынан шығып қалды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов топ-5 қатарынан шығып қалды. Ол бұған дейін төртінші орында болған, жаңа рейтингте алтыншы сатыда тұр. </span>

<span>Екінші ауыр салмақта </span>Иван Дычко<span> 11-орыннан 15-орынға түсті.</span>

Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта тоғызыншы орында қалды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 14-орнын сақтап қалды.

Сұлтан Зәуірбектің де орны өзгермеді - ол екінші жартылай жеңіл салмақта алтыншы сатыда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или