Ресейдің үш дүркін чемпионы «Ақтөбенің» бапкерлер штабына қосылды
«Спартак» сапында Ресейдің үш дүркін чемпионы болған Юрий Ковтун «Ақтөбе» командасына Дмитрий Парфеновтың бапкерлер штабына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, Парфенов қазақстандық клубты 1 желтоқсан, жұма күні басқарып, 2024 жылдың желтоқсанына дейін келісімшартқа отырған болатын.
«Юрий Ковтун менің бапкерлер штабыма қосылды», - деп келтіреді Match TV Парфеновтың сөзін.
Бұған дейін Парфенов пен Ковтун қазан айында кеткен Мәскеу «Родинасында» бірге жұмыс істеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или