Руслан Мәдиев Головкин - Лемье жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркегі Madison Square Garden аренасында өткізеді.

Қазақстандық 22 жастағы спортшы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF титулының иегері Давид Лемье арасындағы жекпе-жек аясында ұйымдастырылатын үлкен шоуда бақ сынайды. Ол жеңіл салмақта 4 раундтық жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірше белгісіз.

Айта кетейік, бұл кездесу Руслан Мәдиев үшін алтыншы жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейінгі бес кездесуде де жеңіске жеткен. Қазақстандық боксшы 20 қыркүйекте америкалық Райана Пикпен кездесуі керек болған. Дегенмен Русланның қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или