Токиодағы Grand Slam турнирі: бірінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы
2023 жылдың 2 желтоқсанында Токиода Халықаралық дзюдо федерациясының осы маусымдағы «Grand Slam» турнирінің соңғы кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрын «Дзигоро Кано кубогы» деп аталатын жарысқа 84 елден 506 дзюдошы (298 ер және 208 әйел) қатысады. Алғашқы күні ерлер 73, 81 және 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медальдар үшін таласады:
73 келіге дейін: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов;
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев;
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков;
әйелдер - 57, 70 және 78 келіден жоғары салмақта.
70 келіге дейін: Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары: Камила Берлікаш, Назгүл Маратова
Тікелей эфир Астана уақытымен 14:00-де басталады. Трансляцияны qazsporttv арнасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или