Қазақстан Ұлттар лигасында өз алаңында жеңіліс тапты
Бүгін «Астана Арена» стадионында Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Эстонияға қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Мадияр Кембілов шәкірттерінің 0:1 есебімен жеңілісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды эстониялық жартылай қорғаушы Кристина Банникова соқты.
Бес ойыннан кейін Қазақстан құрамасы бес ұпаймен С4 тобында үшінші орында тұр.
Қазақстандық футболшылар келесі кездесуін 5 желтоқсан күні Арменияға қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или