Соңғы жекпе-жегінде жеңілген Ангелина Лукас жақында рингке қайта шығатынын хабарлады

Соңғы жекпе-жегінде жеңілген Ангелина Лукас жақында рингке қайта шығатынын хабарлады

<span>Қазақстандық боксшы Анеглина Лукас жақында рингке оралатынын, сол себепті жоғары деңгейде дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. </span>

"Қызу дайындық жүріп жатыр. Жақында рингке ораламын және өзім қалағандай жекпе-жек өткіземін. Кейде жарақаттар мені одан сайын күшейте түседі. Әуесқой және кәсіби мансабымда көп тәжірибе жинадым, сондықтан қайсар мінезді адамдар ешқашан берілмейді. Мақсатым – ұлы чемпион атану. Бұл мақсатыма жетемін. Қолдаушыларға алғыс айтамын", – деп жазды боксшы.

<span>Еске салайық, 30 қазанда 23 жастағы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) кәсіби рингте алғаш рет жеңілді. Ол Ыстанбұлда өткен титулдық жекпе-жекте Чили спортшысы Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) есе жіберді. Матч соңында төреші алдымен қазақстандық боксшының қолын көтерген еді. </span>

<span>Алайда төрешілердің басым дауысымен Асенхо жеңіске жетті. Лукас кәсіби рингте 2021 жылғы желтоқсаннан бері өнер көрсетеді. Ол бұған дейін WBC International және UBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или