«Астананың» экс-футболшысы «Барсемлонамен» келісімшартқа отырды

«Астананың» экс-футболшысы «Барсемлонамен» келісімшартқа отырды

«Астана» және Беларусь құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ренан Брессан футзалдағы мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы ойыншы «Барсемлона» клубының қатарына қосылды.

Бұған дейін Брессан Бразилияның В сериясында (D2) ABS намысын қорғап, тек сегіз матчқа қатыса алды. 

Еске салайық, 2014 жылғы маусымда Ренан Брессан «Астана» сапында ойнаған болатын. Футболшы елордалық клуб сапында Қазақстан Премьер-лигасының чемпионатында алты ойын өткізіп, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или