Дани Алвес өзін айыптаған қызға өтемақы төлейтін болды

Дани Алвес өзін айыптаған қызға өтемақы төлейтін болды

«Барселонаның» және Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Дани Алвес өзін айыптаған бойжеткенге өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Альвес 2022 жылдың желтоқсанында Барселонадағы түнгі клубта әйелді зорлады деген айыппен қамауда отыр.

Прокурор Алвесті 9 жылға бас бостандығынан айыруды және жәбірленушіге 150 000 еуро көлемінде өтемақы төлеуді талап етті.

Футболшы мен оның адвокаты қызға қажетті өтемақы төлеуге шешім қабылдады. Олар бұл жеңілдететін жағдай болады деп күтуде - егер бразилиялық кінәлі деп танылса, түрмеде отыру мерзімі екі жылдан аз болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или