«Боруссияның» екі ойыншысы карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

«Боруссияның» екі ойыншысы карьерасын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Дортмундтық «Боруссия» ойыншылары Матс Хуммельс пен Марко Ройс маусым соңында клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Экрем Конурдың ақпараты бойынша, Ройс пен Хуммельс карьерасын Сауд Арабиясы чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Ұзақ келіссөздерден кейін биыл сәуірде «Боруссия» мен Марко Ройс келісімшартты 2024 жылға дейін ұзартуға келіскен. Осы маусымда 34 жастағы футболшы барлық турнирде 16 матчқа қатысып, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Хуммельс «Боруссия» түлегі. Ол командада 2008 жылдан 2016 жылға дейін өнер көрсеткен, содан кейін 2019 жылы Дортмундқа оралмас бұрын мюнхендік клубта үш жыл өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или