Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Бірінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды.

Жекпе-жек түріктің Трабзон қаласында 2 желтоқсанда өтеді. Қазақстандыққа қарсы "Кіші Тайсон" деген лақапаты бар өзбекстандық Мырзамұхаммед Хикматуллаев жұдырықтасады. Кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді және 10 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев - бірінші жартылай жеңіл дивизионда WBA Inter-Continental чемпионы. Қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуді былтыр жеңіп алған еді.

Өзбекстандық қарсыласына келетін болсақ, ол осы жылдың наурыз айында рингке шыққан. Содан кейін Хикматуллаев Екатеринбургтегі (Ресей) бокс кешінде Әзербайжан өкілі Елнұр Мамедовті техникалық нокаутпен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или