28 мәрте жеңіске жеткен боксшы Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі мүмкін
Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторларының бірі Радж Пармар америкалық боксшы кіші Хосе Бенавидестің (28-3-1, 19 КО) орта салмақта екі белбеу (WBO және IBF) иегері Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) кездесуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
Бұған дейін сарапшы әрі комментатор Пол <span>Малиньяджи</span> WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарлодан жеңілген соң кіші <span>Бенавидес</span> мансабын орта салмақта жалғастыруы керек деген пікірін білдірген болатын.
«Кіші <span>Бенавидес</span> орта салмақтағы белбеуге ие болу үшін Карлос Адамес, Эрисланди Лара немесе Жәнібек Әлімханұлын жеңуі қажет, бірақ бұл оңай болмайды. Иә, орта салмақ дәрежесі әлсіз, бірақ Бенавидес кіші бұл жігіттердің ешқайсысын жеңе алмайды. Дегенмен, ол белсенділік танытса, «уақытша» белбеуге қол жеткізуі мүмкін», - деп жазды автор.