Қазақстандық теннисші ATP жаңартылған рейтингінде 29-сатыға көтерілді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сербиялық Новак Джокович әлемнің бірінші ракеткасы болып қалды, испаниялық Карлос Алькарас екінші орында, үздік үштікті ресейлік теннисші Даниил Медведев түйіндеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтап қалды, ал Денис Евсеев бірден 29 сатыға көтеріліп, әлемнің 197-ракеткасы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, тамызда Евсеев карьерасында алғаш рет <span>«Челленджер» сериясындағы турнирде </span>жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или