Зілтемірші Сәуле Сәдуақасова қола медальді қанағат тұтты

Зілтемірші Сәуле Сәдуақасова қола медальді қанағат тұтты

Қазақстандық ауыр атлет Сәуле Сәдуақасова қытайлыұ Фучжоу қаласында өтіп жатқан Гран-приде үшінші орын иеленді.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз серпе көтеру сынында 90 келіні, ал жұлқа көтеруде 118 келіні көкке көтерді. Қос сайыстың нәтижесі бойынша 208 келіні басынан асырған Сәдуақасова қола жүлдені қанжығасына байлады.

Қытайлық Чень Гумин (100+135) алтыннан алқа тақса, күміс медаль ресейлік Наталья Хлесткинаға (101+119) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан өтіп жатқан Гран-при Рио-де-Жанейрода жалауын желбірететін Олимпиада ойындарының іріктеу сыны.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или