Инесса Шумекова конькимен жүгіруден Әлем Кубогында қола жүлдеге қол жеткізді

Инесса Шумекова конькимен жүгіруден Әлем Кубогында қола жүлдеге қол жеткізді

Италияның Базельга-ди-Пине коммунасында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.<br />Алғашқы жарыс күні нео-сеньор дивизионында мың метрге жарыста Инесса Шумекова қола жүлдеге ие болды. Ол қашықтықты 1:21.08 секундта жүгіріп өтіп, тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященкодан озып кетті. Мұнда Серена Пергер (Италия) алтыннан алқа тақса, Фрэн Ванхутт (Бельгия) күміс медаль жеңіп алды.<br />Ертең конькимен жүгірушілер қалған қашықтықта (500 м, 1500 м мен масс-стартта) жүлдеге таласады.<br />Жалпы алғашқы кезеңге 26 мемлекеттен 165 спортшы жиналды. Ең көп делегация Польша (15 спортшы) мен Оңтүстік Кореяда (14 спортшы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или