Қазақ боксшысы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақ боксшысы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалына шықты

Өзбекстанда тұратын қазақ Руслан Абдуллаев бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz<span style="color: #282c32; font-size: 15px;">.</span>

63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы турнирдегі жолын 1/8 финалдан бастады. Абдуллаев жерлестері Умар Тошмуродов пен Музаффарбек Озодовты жарыс жолынан шығарды.

Айта кетейік, 2019-2020 жылдары боксшы Қазақстандағы турнирлерге қатысып, ұлттық құрамаға кіруге тырысты. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Руслан Өзбекстанға оралды. Ол қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или