Криштиану Роналду жаңа жетістікке қол жеткізді

Криштиану Роналду жаңа жетістікке қол жеткізді

«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Аль-Охдуд» командасымен өткен кездесуде (3:0) дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы португалиялық футболшы кейінгі бес жылда алғаш рет 60 немесе одан да көп нәтижелі әрекет (гол+ассистент) жасады. Роналду 2023 жылы Португалия құрамасы мен клубында 48 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Криштиану мұндай нәтижеге 2018 (49+13), 2017 (53+12), 2016 (55+16), 2015 (57+17), 2014 (61+20) , 2013 (69+15), 2012 (63+13), 2011 (60+18) және 2010 (48+18) жылдары қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы Про-Лигасының биылғы маусымында Криштиану Роналду «Аль-Наср» сапында 13 матч өткізіп, 15 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или