Британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
Британиялық боксшы Нэтан Хини (18-0, 6 КО) өзінің туған қаласы Сток-он-Трентте қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz<span style="color: #282c32; font-size: 15px;">.</span>
«Фрэнк (Уоррен) біздің жекпе-жектің жеңімпазы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады, сондықтан менің Жәнібекпен жекпе-жек өткізіп, оған бар күшімді сала алмауымның еш себебі жоқ деп ойлаймын. Бентли мұны істей алды, Әлімханұлымен жекпе-жекте жақсы өнер көрсетті. Стильдер шайқас тудырады, сондықтан біздің жекпе-жек өте қызықты болуы мүмкін. Жалпы мен кез келген әлемдік титулды қалаймын. Жәнібек екі белбеуі бар, ең мықты боксшы, сондықтан оны жеңсем, мұнда бір оқпен екі қоянды өлтіруге болады. Бұл жекпе-жек менің арманымның орындалуына - «Сток Сити» футбол стадионында жекпе-жек өткізуге негіз қалады», - деді Хини.