Голландиялық клуб трансферден гөрі сырадан көп табыс тапты

Голландиялық клуб трансферден гөрі сырадан көп табыс тапты

Голландиялық «Твенте» бір жылда футболшылардың трансферінен гөрі стадионда сыра сатудан көп ақша алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сыра сатуды қамтитын қоғамдық тамақтанудан «Твенте» қызметкерлердің жалақысы мен азық-түлік сатып алу шығындарын есептемегенде шамамен 10,5 миллион еуро табыс тапты. Клуб ойыншыларды сатудан шамамен 6,4 миллион еуро пайда көрген.

«Твенте» ойыншылардан гөрі сырадан көбірек табыс табатыны таңғалдырады. Мен Еуропаның ешбір жерінде клуб футболшылардан гөрі сырадан көбірек табыс тапқанын көрмептім», - дейді Voetbal International журналисі Том Книппинг.

«Твенте» 11 матчтан кейін 26 ұпаймен Нидерланд чемпионатының кестесінде төртінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или