Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі топ-100 қатарына енді

Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі топ-100 қатарына енді

Қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орынға тұрақтады.

Юлия Путинцева жылды 69-сатыда аяқтайтын болса, жұптық сында Анна Данилина 56-да тұр.

Ерлер арасында АТР рейтингісінде Александр Бублик әлемнің 32-ракеткасы болса, жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орынға жайғасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде үздік жүздікке екі теннисші енді. Әмір Омарханов – 57, Асылжан Арыстанбекова 66-сатыда бекіді.

14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Ева Корышева 50-інші, Томирис Нұржан 91-ракетка болып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или