Жібек Құламбаева Үндістандағы жарысты сәтті өткізіп жатыр

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарысты сәтті өткізіп жатыр

Қазақстандық Жібек Құламбаева жекелей және жұптық сында да Бангалор (Үндістан) ITF турнирін сәтті өткізіп жатыр, <span> </span>деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлемнің 493-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сында екінші айналымда үндістандық Пуужи Ингалені 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 342-інші, доданың 3-ракеткасы, тағы бір үндістандық Рутужа Босейлмен таласады.

Жібек жұптық сында да табысты өнер көрсетуде. Ол Рутужа Босейлмен бірге ширек финалда жергілікті теннисшілер Пуужа Ингале – Сандипти Раоны 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Сөйтіп, жартылай финалға өтті.

Ж.Құламбаева – Р.Босейлдің келесі қарсыластары кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или