«Барыс» — «Нефтехимик» матчының трансляциясы

«Барыс» — «Нефтехимик» матчының трансляциясы

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

Кездесу бүгін, 23 қарашада күні, сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 43 мәрте кездесті.

Оның 25-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 34 ойыннан кейін 25 ұпаймен 22-орында тұр.

Aл «Нефтехимик» 33 ойыннан кейін 33 ұпаймен 17-орынға орналасты.

Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или