Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионатына қатысады. Биыл ел құрамасы екінші дивизионның А тобында сынға түседі, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл ойында 2024 жылдың 15-21 қаңтары аралығында Нидерландта өтеді деп жоспарланып отыр. Былтыр қыздар В тобында бірінші орын иемденіп, А тобына жолдама алған еді.

Бүгінде қазақстандық хоккейшілер Өскеменде екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал тамыз айында өткен алғашқы кезеңінде жалпы және арнайы физикалық дайындыққа назар аударылды.

Оқу-жаттығу жиыны барысында «Торпедо-2011» және «Торпедо-2010» командаларымен жолдастық кездесу өткізіледі.

Қорытынды дайындық кезеңі әлемдік біріншілігі қарсаңында, 4 қаңтарда басталады деп күтілуде. Нақы құрама сол уақытта белгілі болады.

Үміткерлердің кеңейтілген тізімі жарияланды. Оған 28 хоккейші енгізілген. Олардың 3-і қақпашы болса, қалғаны өзге шепте ойнайтын хоккейшілер.

Үміткерлердің кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Еркеназ Көпжасарова («Стрижи», Алматы), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз»)

Қорғаушылар: Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008/«Жұлдыз»), Зере Тілеш, Вероника Халикова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Зейнаб Мелс («Бұлбұл», Астана)

Шабуылшылар: Карина Әмірова, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, Злата Филичкина («Юность-Грация», Қарағанды), Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Айдана Рахатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Аиша Мелс («Томирис», Астана).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или