Зарина Диас WTA рейтингісінде екі саты жоғары көтерілді

Бүгін Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) кезекті жаңартылған рейтингін жариялады. Онда отандасымыз, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас екі саты жоғары өрлеп, 41-орынға табан тіреген.

Бүгінде 21 жастағы қазақ қызының еншісінде 1 265 ұпай бар. Бұл көрсеткішімен Зарина Азияның бірінші раткеткасы деген атағын сақтап қалды. Мұндай нәтижеге ол 24 тамыздағы рейтинг бойынша қол жеткізген еді.

Зарина Диас соңғы рет өткен аптада Токиодағы WTA турнирінде бақ сынады. Алайда жерлесіміз аталған сайыста екінші айналымнан аса алмады. Теннисшінің жолына поляк Магда Линетт тосқауыл болды.

WTA тізіміндегі алғашқы жүздікте тағы екі отандасымыз бар. Олар Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова. Жаңа тізімде Юлия үш саты төмен сырғып 78-орынға жайғасса (765 ұпай), бір орын кейін жылжыған Слава әлемнің 89-ракеткасы атанып отыр. Оның еншісінде 677 ұпай бар.

Ал әйелдер арасындағы әлемнің ең үздік теннисшісі – америкалық Серена Уильямс. Бүгінде 11 501 ұпайы бар ол жеке-дара көш бастап келеді. Одан кейінгі орынға 6 780 ұпаймен румын қызы Симона Халеп орналасқан. Үздік үштікті ресейлік Мария Шарапова түйіндеп тұр (5 795 ұпай).

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или