Брэндон Боченски Қазақстанның елшісімен кездесті. Фото
«Барыстың» және Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Брэндон Боченски Қазақстан елшісімен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
2020 жылы хоккейші ретінде зейнеткерлікке шыққаннан кейін Брэндон Боченски Солтүстік Дакота штатындағы Гранд-Фокс қаласының мэрі болып сайланды.
— Жақында Вашингтонға барған сапарымда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаевпен кездескеніме қуаныштымын. Қонақжайлылығыңызға рахмет, Ержан! Маған ойыншылар қол қойған №27 Боченски жейдесі берілді. Алға, Барыс!», – деп суретке қол қойды.
Айта кетейік, Брэндон Боченски 2010-2011 маусымынан 2018-2019 маусымына дейін «Барыста» өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или