Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу жолындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу жолындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

19 қарашада регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу үшін 5-6 орындар үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчта Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті. Кездесу 39:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, ашылу матчында Қазақстан әйелдер құрамасы тайлықтардан 0:22 есебімен ұтылып, екінші кездесуінде жапондықтарға жол берген болатын.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ұтып ала алмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Олимпиада Парижде (Франция) 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или