Ақтауда бапкердің көмекшісі қызды таяқпен ұрды деп айыпталды

Ақтауда бапкердің көмекшісі қызды таяқпен ұрды деп айыпталды

<span>Әлеуметтік желіде Ақтауда жаттықтырушының көмекшісі қызды таяқпен ұрды деген ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа байланысты Маңғыстау облысының ПД пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. </span>

<span>Ведомствоның баспасөз қызметі Nur.kz тілшісіне берген мәлімет бойынша, бұл оқиға 9 қарашада Ақтаудағы «Меловая» спорт кешенінде болған. </span>

<span>«12 жастағы қыздың анасы Ақтау қалалық полиция бөліміне арыз жазды. Сол бойынша сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Маңғыстау облысының полиция департаменті. </span>

<span>Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (34 500 теңге) салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или