Давид Лемье: «Головкиннің көзінен әлсіздікті байқадым»

Давид Лемье: «Головкиннің көзінен әлсіздікті байқадым»

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Давид Лемье WBA (Super), IBO және WBC (Interim) титулдарының иегері Геннадий Головкиннің көзінен әлсіздікті байқағанын айтты.

«Мен өзіме ұнаған бір жағдайды байқадым, оны жекпе-жек кезінде қолданамын. Қарсыласпен бетпе-бет келгенде көз алдамайды. Білгім келгенді көрдім. Әлсіздікті байқадым және менде кішкене болса да психологиялық басымдық бар деп есептеймін», - деді канадалық боксшы.

Сонымен қатар, Лемье бұл жекпе-жекте арыстан мен арыстанның кездесетінін мәлімдеді. «Головкинді жеңуге барлық қажетті мүмкіндігім бар, ал оны жеңуім тарихқа жазылады. Мүмкіндігімнің бар екенін білемін. Тіпті соңғы екі кездесуіме қарағанда жақсы жұдырықтасатыныма сенімдімін», - деді ол.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или