«Барыс» ҚХЛ матчында жеңіліп қалды

«Барыс» ҚХЛ матчында жеңіліп қалды

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында челябинскілік «Трактормен» кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ғалым Мәмбеталиев келесі құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) - Скленицка-Ножие, Барбер-Камар-Оберг; Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Мұратов; Нұрғалиев-Королев, Старченко-Апалков-Рымарев; Гайтамиров-Қайыржан, Өмірбеков-Логвин-Червени.

Кездесу 2:0 (0:0, 1:0, 1:0) есебімен аяқталды.

Айдын иелері сапында Владимир Ткачев пен Сергей Телегин голдың авторы атанды.

«Трактор» (Челябинск) - «Барыс» (Астана) 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - Ткачев (Телегин, Шабанов) - 37:02
2:0 - Телегин (Ткачев) - 40:19

Қақпашылар: Фукале - Паскуале

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада «Барыс» сырт айдында Магнитогорскінің «Металлург» командасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или