Роман Жайлауов кәсіби мәнсабында алғаш рет жеңіліске ұшырады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов карьерасында алғаш рет оңтүстікафрикалық Томпсон Мокванеден жеңілді.

Жартылай орта салмақтағы рейтингтік жекпе-жек ОАР-дағы Кемптон-Парк аренада өтті. 8 раундтық кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер 78:77, 75:77, 75:77 есебімен жеңісті жергілікті боксшыға берді.

Роман Жайлауов бүгінге дейін 16 жекпе-жек өткізіп, алғаш рет жеңіліп отыр. қазақстандық боксшы мұнан бұрынғы 15 қарсыласының 9-ын нокаутпен ұтқан болатын.

Ал Моквана шаршы алаңда 32 кездесу өткізіп, 21-інде жеңген, 10-ында жеңілген және 1 қарсыласымен тең түскен.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или