Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) орта салмақтағы рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мейірім орта салмақтағы WBC рейтингінде екінші орыннан бірінші орынға көтерілді.
Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) 17 қарашада Ташкентте чилилік Хулио Аламосқа (16-1, 9 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Бастапқыда Мейірім неміс Винсент Фейгенбуцпен (36-3, 32 КО) кездесуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты германиялық боксшы жекпе-жектен бас тартты.
Орта салмақтағы WBC рейтингі:
1. Мейірім Нұрсұлтанов
2. Кіші Крис Юбенк
3. Элайджа Гарсия
4. Хамза Шираз
5. Кіші Остин Уильямс
6. Кіші Шейн Мосли
7. Лиам Смит
8. Лиам Уильямс
9. Мацей Сулецки
10. Винсент Фейгенбутц