Берік Әбдірахманов АРВ финалында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов АРВ жобасының финалында өзбек боксшысы Хуршид Тожибаевтан жеңіліп қалды. Ташкентте өткен жекпе-жекте төрешілер шаршы алаң иесін жеңімпаз ретінде таныды.

60 келіге дейінгі салмақта Берік Әбдірахманов қаңтар айында Астанада өзбек боксшысын ұтып, Рио Олимпиадасы жолдамасына ие болып үлгерген еді. Алайда финалда Хуршид Тожибаев өз есесін қайтарды. Төрешілер 3:0 (112-107, 109-100, 112-107) нәтижесімен жеңісті шаршы алаң иесіне берді. Нәтижесінде өзбек боксшысы 60 келіге дейінгі салмақта АРВ чемпиондық белбеуін иеленді.

Айта кетейік, осыған дейін АРВ финалында 49 келіге дейінгі салмақта Біржан Жақыпов қытайлық Лю Биннен жеңіліп қалған еді.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или