Германия U-21 - Эстония U-21 матчына қазақстандық төрешілер қазылық етеді
Германия U-21 - Эстония U-21 ойынына қазақстандық төрешілер Данияр Сахи, Сергей Васютин, Евгений Бельский және Артем Кучин тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Матч 17 қараша күні Астана уақытымен 23:00-де басталады. Ойын Падерборн қаласындағы «Бентелер Арена» стадионында өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Данияр Сахи тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Евгений Бельский көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Артем Кучин атқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или