«Астананы» польшалық маман басқаруы мүмкін

«Астананы» польшалық маман басқаруы мүмкін

Польшалық маман Марек Папшун «Астананың» бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, елордалық клуб бас бапкер қызметіне 49 жастағы польшалық маманды қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Папшун Польша чемпионатының төменгі дивизиондарының командаларымен жұмыс істеген. 2016 жылы ол үшінші лигадан «Ракувты» басқарып, оны «элитаға» көтерген. 2022/23 маусымында ол Польша чемпионатында жеңіске жетті. Бұған дейін екі рет ел кубогын жеңіп алған. 2020 жылдан 2022 жылға дейін ол ең үздік польшалық бапкер атанды, ал соңғы маусымда ол Экстракластың үздік бапкері болып танылды. 2023 жылдың жазынан бастап ол клубсыз жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или