Жәнібектің жоспары: Qazaq style 2024 жылы тағы бір чемпиондық белбеуді иеленгісі келеді
Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеуіне ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келер жылы тағы бір атақты жеңіп алуды мақсат тұтады. Бұл жайында "твиттер" желісінде жазды.
Мамыр айында қарсыласымды нокаутпен жеңіп, WBO чемпиондық атағын қорғадым. Күзде IBF белбеуі үшін жекпе-жекте әлем чемпионын жеңдім. Қазір менде екі чемпиондық белбеу бар және 2023 жыл бойынша орта салмақтағы ең белсенді боксшымын! Келер жылы тағы бір чемпиондық атақты иеленемін, - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы Top Rank Boxing промоутерлік компаниясына Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) немесе Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) жекпе-жек ұйымдастырып беруді өтінген болатын. 40 жастағы кубалық боксшы Лара орта салмақта WBA белбеуіне ие. Карлос Адамес болса жартылай орта салмақта WBC уақытша чемпиондық атағына ие боксшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или