Серік Мұсаділовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Серік Мұсаділовтің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділовтың (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұсаділовтың 1 желтоқсанда Флорида штатының Майами қаласында жекпе-жегі жоспарланған. Қарсыластың есімі әлі анықталған жоқ.

Айта кетейік, Мұсаділов 28 қазанда Майамиде өтетін бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған, алайда боксшы мен промоутердің арасындағы келіспеушілік салдарынан жекпе-жек өтпеді.

Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 21 қазанда Орландода өткізіп, мексикалық Хавьер Гомес Руэдуды бірінші раундта нокаутқа түсірген (21-18, 15 КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или