Дәурен Елеусінов кезекті қарсыласын нокаутпен ұтты

Дәурен Елеусінов кезекті қарсыласын нокаутпен ұтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби карьерасындағы 4-жекпе-жегінде жеңіске жетіп, оның үшеуін нокаутпен аяқтап отыр.

Аса жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген отандасымыз бұл жолы Нью-Джерсиде Техас боксшысы Джастин Уильямспен қолғап түйістірді. Елеусіновтың қарқынды шабуылына қарсыласы төтеп бере алмай, төрешінің жекпе-жекті 2-раундта тоқтатуына тура келді. Бірнеше дәл соққыдан кейін аяғы аспаннан келген Уильямс есеңгіреп барып, қайта аяққа тұрды. Алайда, Елеусінов кездесуді ұзаққа созбай, 2-раундтың 57 секундында аяқтады.

Айта кету керек, Уильямс бүгінге дейін шаршы алаңға 17-рет шықса, оның бар-жоғы 4-еуінде жеңіп, 11-інде жеңілген, ал 2 қарсыласымен тең түскен. Ал қазақстандық боксшы 4 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарынан басым түсіп отыр.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или