Самбодан әлем чемпионаты басталған күні Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
Армения астанасы Ереван қаласында өтіп жатқан самбодан 48-ші әлем чемпионатының бірінші күнінде қазақстандық спортшылар күміс пен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
50 келі салмақта Маргарита Бажаева шешуші белдесуінде Өзбекстан спортшысы Гүлсевар Ураковадан ұтылып қалған болатын.
Тағы бір қазақстандық спортшы Гүлнар Әлмұхамбетова 54 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен. Ол Беларусь спортшысы Алена Купаваны жеңіп, қола жүлдені ұтып алды.
Осылайша әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы жалпы есеп бойынша 4 және 6 орындарға таласуда.
Бейтарап статуста қатысып жатқан ресейлік самбо шеберлері болса рейтинг бойынша көш бастап тұр (төрт алтын, бір күміс және бір қола).