Лемьенің салмағы Головкиннен 5 келі артық тартты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье жекпе-жекке 30 күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

WBC ұйымының ережелеріне сәйкес, 30 күн бұрын боксшылардың салмағы 160 фунттан әрі кеткенде 10 пайыз ғана жоғары болуы керек, яғни, 176 фунттан (79,83 келі) аспауы тиіс. Головкин 165 фунт (74,84) тартып, бұл межені артығымен орындады, ал Давид Лемье өзіне жүктелген міндетті әрең атқарды – 175,8 (79,74 келі).

Келесі салмақ өлшеу рәсімі жекпе-жекке 1 апта қалғанда өтеді, ол уақытта боксшылардың салмағы белгіленген межеден 5 пайыз (168 фунт – 76,2 келі) ғана жоғары болуы тиіс.

Естеріңізге саламыз, Головкин мен Лемье арасындағы кездесу 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или