«Барыс» ресми түрде тәжірибелі шабуылшысын қайтарды

«Барыс» ресми түрде тәжірибелі шабуылшысын қайтарды

«Барыс» хоккей клубы Евгений Рымаревпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі hcbarys.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының шабуылшысымен жасалған біржақты келісімшарт осы маусымның соңына дейін (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін) есептелген.

Форвард елордалық жанкүйерлерге жақсы таныс – ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» сапында 207 кездесу өткізіп, 44 (17+27) ұпай жинаған. Соңғы жылдары Рымарев ЖХЛ-да ойнады. Евгений осы маусымды Ханты-Мансийск клубы «Юграда» бастаған. 19 кездесуде шабуылшы екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Олег Болякин, «Барыстың» бас менеджері:

- Бапкерлер штабы Рымаревтың мүмкіндіктері мен ойын қасиеттерін, оның ішінде Қазақстан құрамасындағы жұмысын жақсы біледі. Соңғы жылдары ол ЖХЛ-да үздік шабуылшылардың бірі болды. Евгений «Барысқа» көмектесуге, сондай-ақ тәжірибесін негізгі құрамға біртіндеп қосылып жатқан жас ойыншыларға беруге дайын екеніне сенімдіміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или