«Барыс» тәжірибелі ресейлік шабуылшымен келісімшартқа отырды
Астаналық «Барыс» ХК 31 жастағы ресейлік хоккейші Даниил Апалковпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабуылшымен келісім-шарт ағымдағы маусымның соңына дейін (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін) жасалған.
«Шабуылшы мансабының көп бөлігін Ярославльдің «Локомотивінде» өткізді, сонымен қатар Мәскеудің «Динамосы» мен Сочиде ойнады.
Барлығы Даниил ҚХЛ-да 516 кездесу өткізіп, ол үшін 200 (85+115) ұпай жинады. Апалков биылғы маусымды «Сарыарқада» бастады. Қазақстан чемпионатында 16 ойында 22 (11+11) ұпай жинады», - делінген хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или