ҚФФ Ұлттық құрама сапындағы өзгерістер туралы хабарлады
Ұлттық құрама Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға дайындық жұмыстарын бастады. Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны Астанада өтіп жатыр.
Жиын туралы айта кететін жаңалықтар:
- Бапкерлер штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына "Ордабасыдан" Максим Федин шақыртылды.
- Малый, Ерланов, Шайзада, Қайыров жаттығу жұмыстарына ертең қосылады.
- Айымбетов, Марочкин, Досмағамбетов, Қуат, Дарабаев, Бейсебеков, Заруцкий, Вороговский, Прокопенко УЕФА Конференциялар лигасының матчынан кейін құрамға қосылады.
- Жарынбетов жарақатына байланысты ұлттық құрамаға келмеді.
- Зайнутдинов, Оразов, Әліп, Быстров, Скворцов, Зуев 12-13 қараша күндері қосылады.
- Ойыншылардың нақты тізім 10 қарашадан кейін анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или